Аллаһты санаулы күндерде еске алыңдар, кім асықса / Минадағы құлшылықтарды / екі күн ішінде / аяқтауында / оған ешбір күнә жоқ. Ал кім қалса / үшінші күнді аяқтаса / , оған да күнә жоқ. Бұл - тақуалық етушілер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін. Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар әрі Оған жиналатындарыңды біліңдер.