Бұлар - елшілер. Олардың кейбіріне, өзгелеріне қарағанда артықшылық бердік. Олардың ішінде Аллаһ сөйлескені бар әрі Ол кейбірінің дәрежелерін көтерді. Әрі Біз Мәриям ұлы Исаға анық белгілер беріп, оны қасиетті рухпен / Жәбірейілмен / қолдадық. Егер де Аллаһ қалағанда, олардан / елшілерден / кейінгілер өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін, бір-бірімен соғыспас еді. Бірақ, олар / адамдар / қайшылыққа түсті, олардың бірі иманға келіп, ал, кейбірі күпірлік еткендерден / қарсы келушілерден / болды. Егер де Аллаһ қалағанда, олар бір-бірімен соғыспас еді. Бірақ, Аллаһ Өзінің қалағанын жасайды.